Әзербайжан тағы 3 ауылды құтқарды

Әлиев: "Әзербайжан армиясы жасасын! Қарабах-Әзербайжанға тән" деді.

1510620
Әзербайжан тағы 3 ауылды құтқарды

Әзербайжан армиясы Ходжавенд уәлаятынның 3 ауылын Арменияның жаулап алуынан құтқарды.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Твиттер желісінен тақырыпқа байланысты мәлімдеме жариялады.

Президенті Ильхам Әлиев Ходжавенд уәлаятында 3 ауылдың Арменияның жаулап алуынан құтқарылғанын хабарлады.

Әлиев:

"Батыр Әзербайжан армиясы Ходжавенд уәлаятынның Хырманджык, Акбулак, Ахуллу  ауылдарын Арменияның жаулап алуынан құтқарды. Әзербайжан армиясы жасасын! Қарабах-Әзербайжанға тән" деді.

Әзербайжан армиясы Армения армиясының жай елді мекендерге шабуыл жасауы себепті 27 қыркүйекте қарсы шабуыл бастаған болатын. 

Майдан шебінен айырылған Армения армиясы Әзербайжанның жай елді мекендеріне зеңбірек және зымыранмен шабуыл жасады.

Армения мен Әзербайжан Мәскеуде атысты тоқтатуға келіскен болатын.

Алайда Армения армиясы келісімге қайшылық жасады. Гендже қаласына зымыран шабуылында 10 кісі қаза тапты, 35 кісі жараланды. 



Ұқсас жаңалықтар