Әзербайжан армиясы армян шабуылдарын тойтарды

Армения армиясы үлкен шығын беруде.

1510115
Әзербайжан армиясы армян шабуылдарын тойтарды

Әзербайжан армиясының Армения армиясының шабуылдарын тойтарғаны, армян жасақтарының үлкен шығынға ұшырағаны білдірілді.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі хабарлама жариялап,  Армения армиясының оккупациядан азат етілген Жебраил және Гадруттағы Әзербайжан әскерлеріне шабуылдағанын білдірді.

Армян жасақтары түні бойы майданның кей бағыттарында белсенділігін арттырды, Әзербайжан әскерлері олардың шабуылдарына тойтарыс берді.

Арменияның 2 T-72 танкы, 1 Grad зымыран кешені, 5 D-30 гаубицасы, 2 ZSU-23-4  ұшақсоғары, оқ-дәрі тасыған 8 көлігі жойылды.

Армян армиясының 18-ші моторизацияланған батальонының қызметкерлері арасында қашып кету оқиғалары артты. 5-ші полк қызметкерлері арасында да көптеген өлі және жаралы бар екені хабарланды. 10-шы полктың қорғаныс шебіне еріктілерді тасыған бір көлікті де Әзербайжан армиясы атты. Армяндар көптеген сауытты көлікті тастай қашты.

Әзербайжан армиясы армяндардың 9-шы моторизацияланған полкының зеңбірек батареясын қиратты, полк қолбасшысының орынбасары жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар