Қырғызстанда саяси жағдай

Жапаров президенттік өкілеттерді өз мойнына алды.

1510017
Қырғызстанда саяси жағдай

Қырғызстанда абақтыдан шығарылғаннан кейін премьер-министр міндетіне келген, «АтаЖұрт» партиясының бұрынғы депутаты Садыр Жапаров президент Сооронбай Жээнбеков отставкаға кеткеннен кейін президенттік өкілеттерінің өзіне ауысқанын хабарлады.

Премьер-министрлік ғимараты алдындағы жақтаушыларына үн қатқан Садыр Жапаров Жээнбеков отставкаға кеткеннен кейін мәжіліс спикері Қанат Исаевтің президенттік міндетті атқарудан бас тартқанын білдірді. «Осылайша президенттік өкілеттері маған ауысты» деді ол.
Жапаровтың сөздеріне қолдау көрсеткен жақтастары елдің ұлттық әнұранын шырқағаннан кейін тарай бастады.

Қырғызстанда 4 қазан күні болған парламенттік сайлау қорытындысына қарсы шыққан оппозиция партиялардың жақтастары ұйымдастырған шерулер жаппай тәртіпсіздікке ұласқан еді.  Артынан президенттік сарай мен парламент басып алынып,  талан-таражға ұшырады.



Ұқсас жаңалықтар