Жээнбеков отставкаға кету жөнінде шешім қабылдады

Жээнбеков бүгін  Қырғызстан азаматтарына елде қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдайға байланысты үндеу жасады.

1509585
Жээнбеков отставкаға кету жөнінде шешім қабылдады

Қырғызстан президенті отставкаға кету жөнінде шешім қабылдады.

Президенттің баспасөз орталығынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков өзі үшін  Қырғызстан бейбітшілігінің, тұтастығының, халықтың бірлігі мен қоғамдағы тыныштықтың бәрінен жоғары екенін айтты. 

Жээнбеков бүгін  Қырғызстан азаматтарына елде қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдайға байланысты үндеу жасады. 

Жээнбеков "Кеше Жогорку Кенеш Үкімет құрамын бекіттім. Бірақ бұл шиеленіскен жағдайды қалпына келтірмеді. Өкінішке қарай, агрессия азаймаған. Менің тез арада отставкаға кетуімді талап етіп жатыр. Қазіргі жағдай екіжақты қақтығысқа жақын. Бір жағынан – наразылық білдірушілер, екінші жағынан – құқық қорғаушылар. Әскери қызметкерлер мен құқық қорғау органдары Мемлекеттік резиденцияны қорғау үшін қару қолдануға міндетті. Мұндай жағдайда қан төгілетіні сөзсіз.  Сондықтан мен отставкаға кету жөнінде шешім қабылдадым" деген сөздер қолданды.

Жаңа премьер-министр Садыр Жапаров пен басқа саясаткерлерден өз жақтастарын ел астанасынан алып кетіп, Бішкек тұрғындарына бейбіт өмірді қайтарып беру жайлы үндеу тастаған Жээнбеков " Ешқандай билік еліміздің бүтіндігі мен қоғамдағы татулықтан артық емес. Барлығыңызды Тәңір қолдасын, туған жерімізде бейбітшілік пен тыныштық болсын» деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар