Майданда түні бойы қақтығыс жалғасты

Әзербайжан армиясы армяндардың шабуылына тойтарыс берді.

1509300
Майданда түні бойы қақтығыс жалғасты

Әзербайжан армиясы Армения күштерін шығынға ұшыратуда.

Әзербайжан  Қорғаныс министрлігінің хабарламасына қарағанда Агдере,  Агдам, Фузули, Жебраиль және Гадрут бағытында жағдай ауыр.

Армяндардың түні бойғы шабуылдарын Әзербайжан армиясы тойтарды, армяндар үлкен шығын беріп,  шегінуге мәжбүр болды. Министрліктің хабарламасына қарағанда, Армения армиясының екі танкы,  бір ұшақ соғары,  төрт Град зымыран кешені,  бір D-20, 1 D-30 және 2 D-1 гаубицасы,  бірнеше дрон мен бірнеше көлігі жойылды.

Басқыншылық астындағы аймақтардағы армян жасақтарына ауыр соққы берілгені, жаудың көлік,  оқ-дәрі және жағармайының аяқталып қалғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар