Қазақстан мен Түркия арасында ғарыш ынтымақтастығы

Екі ел арасында келісімге қол қойылды.

1509446
Қазақстан мен Түркия арасында ғарыш ынтымақтастығы

Түркия ғарыш агенттігі мен Қазақстан Аэроғарыш комитеті арасында ынтымақтастық келісіміне қол қойылды.

Қазақстан Цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен жасалған хабарламаға қарағанда, Түркия Ғарыш агенттігі төрағасы Сердар Хүсейін Йылдырым Қазақстанға екі күндік сапармен барып, министр Бағдат Мусинмен кездесті.

Кездесуде екі ел арасында ғарыш саласындағы ынтымақтастық қолға алынды.

Қазақстан сапары шеңберінде Йылдырым мен қасындағы делегация бас қала Нұр-Сұлтандағы ұлттық ғарыш орталығын аралап, жер серіктері жүйелерімен танысты.

Түрік делегациясы артынан Қызылорда облысындағы Байқоңыр ғарыш айлағына барып, Soyuz MS-17 ғарыш көлігінің ұшырылуын тамашалады.

Йылдырым сапары барысында Қазақстан Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағанбетовпен де бас қосты.  Тараптар кездесуден кейін ғарыш саласында ынтымақтастық келісіміне қол қойды.



Ұқсас жаңалықтар