Армения атысты тоқтату келісіміне қайшылық жасады

Хажиев: "Армения уақытша атысты тоқтатуға бағынбады. Бұл олардың екібеткей саясат атқарғанын айқын көрсетті" деді.

1506522
Армения атысты тоқтату келісіміне қайшылық жасады

Әзербайжан Арменияның уақытша атысты тоқтатуды атқармағанын жариялады.

Әзербайжан президентінің орынбасары Хикмет Хажиев:

"Армения уақытша атысты тоқтатуға бағынбады. Бұл олардың екібеткей саясат атқарғанын айқын көрсетті" деді. 

Хикмет Хажиев:

"Үстелде енді Арменияның айтқаны орындалмайды. Күрес тек әскери ғана емес, дипломатиялық жолмен де жасалады. Соңғы нысанамыз Әзербайжанның территория тұтастығын қамдау" деп көрсетті.

Әзербайжан мен Армения Таулы Қарабахта гуманитарлық мақсатпен мәйіттер мен тұтқындарды алмастыру үшін атысты тоқтату тақырыбында келіскен болатын. 

Армения жаулап жатқан Таулы Қарабахтағы қақтығыстарға байланысты Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен  Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың бітімгерлігінде Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов пен Армения Сыртқы істер министрі Зограб Мнацаканян кеше Мәскеуде өткізілген келіссөз жиналысында бас қосты.  



Ұқсас жаңалықтар