Жээнбеков саяси диалогқа дайын екендігін айтты

Сооронбай Жээнбеков "Осы мақсатта түрлі саяси күштермен жеке келіссөздер өткіземін" деді.

1504936
Жээнбеков  саяси диалогқа дайын екендігін айтты

Қырғызстан президенті  Сооронбай Жээнбеков елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты қырғызстандықтарға тағы да үндеу жасап, саяси диалогқа дайын екендігі туралы мәлімдеме жасады. 

Президенттік ғимаратын басып алуға байланысты оқиғаларды Бішкектен қадағалап отырғанын білдірген Жээнбеков кеше екінші рет жазбаша мәлімдеме жасады. 

Президенттік баспасөз орталығынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Жээнбековтың саяси диалогқа дайын екені және осы таңға дейін тараптардан ешқайсысының шешім үшін бір келісім платформа ұсынбағаны жеткізілді. 
Қырғызстан президенті  Сооронбай Жээнбеков "Барлық қырғызстандықтар саяси ауыр жағдайды бастарынан өткізуде. Мен осы жағдайды реттеу туралы сіздердің талаптарыңызды толық түсінемін. Мен президент ретінде дағдарыстық мәселелерді шешу бағыттарында барлық күш-жігерімді салатын боламын. Осы мақсатта түрлі саяси күштермен жеке келіссөздер өткіземін. Айта кетейін, қазірге дейін жағдайды реттеу үшін бір де бір тарап келіссөздер жүргізетін бірыңғай алаң ұсынған жоқ" деді. 
Мемлекетте 4 қазанда өткізілген сайлау нәтижесіне көңілі толмаған бір топ адам орталық алаңда митинг ұйымдастырып, одан кейін Ақ Үйге беттеді. Шерушілер президенттік сарайы мен парламент ғимаратын басып алды.

 



Ұқсас жаңалықтар