Армяндардың шабуылынан 31 адам қаза тапты

Арменияның шабуылдарында 928 үй, 45 көп қабатты үй, 133 мемлкеттік ғимарат қолданылмайтын жағдайға келген.

1505394
Армяндардың шабуылынан 31 адам қаза тапты

Арменияның Әзербайжан елді мекендеріне зымыран және зеңбіректермен жасаған шабуылдарында қайтыс болған бейбіт тұрғын саны 31-ге,  жарақат алған адам саны 154-ке жетті.

Әзербайжан бас прокуратурасы 27 қыркүйек күнінен 8 қазан күніне дейін Арменияның шабуылдарынан туындаған шығындардың есебін жариялады. Есепке қарағанда осы мерзімде Әзербайжанның 31 азаматы қайтыс болған. 154 адам жарақат алған.  Арменияның шабуылдарында 928 үй, 45 көп қабатты үй, 133 мемлкеттік ғимарат қолданылмайтын жағдайға келген.

Әзербайжан вице-президенті Хикмет Хаджиев те Әзербайжан елді мекендеріне оқ жаудырған Армения армиясының Град зымыран кешенінің жойылғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар