Түркия Қырғызстанға алаңдап отыр

Түркия Қырғызстандағы сайлаудан кейінгі жағдайлардың сабырлылықпен шешімін табуын тілейді.

1504070
Түркия Қырғызстанға алаңдап отыр

Түркия Қырғызстанда 4 қазанда ұйымдастырылған парламент сайлауынан кейін болған оқиғаларға алаңдап отырғанын жариялады.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде:

"Қырғызстанда 2020 жылы 4 қазанда ұйымдастырылған Парламент сайлауынан кейін болған оқиғаларға қатты алаңдап отырмыз.  Қақтығыстың асқынуын тосу және сайлауға байланысты көзқарас айырмашылықтарының атазаңдық тәртіп ішінде қоғамдық ұйымшылдық және сабырлылықпен шешімін табуы басты тілегіміз". 

"Қырғызстанның оқиғаларды өз халқының сабырлылығы және ұйымшылдығы арқылы жеңетін саяси  тұғырға ие екеніне сеніміміз кәміл.  Дос және бауырлас қырғыз халқының және барлық саяси топтардың осы сезімтал кезеңде Қырғызстанның тыныштығы мен байлығы үшін береке-бірлік ішінде әрекет жасайтынына да толық сенеміз" деп көрсетілді.  



Ұқсас жаңалықтар