Түрік мәдениет және мұра қоры Арменияны айыптады

Халықаралық түрік мәдениет және мұра қоры төрайымы Гүнай Эфендиева жазбаша хабарлама жариялады.

1501771
Түрік мәдениет және мұра қоры Арменияны айыптады

Халықаралық түрік мәдениет және мұра қоры Арменияның Әзербайжанға жасаған шабуылдарын айыптады.

Халықаралық түрік мәдениет және мұра қоры төрайымы Гүнай Эфендиева жазбаша хабарлама жариялап, Арменияның 27 қыркүйек күні Әзербайжан мен Армения шекарасындағы атысты тоқтату бітімін тағы бұзғанын білдірді. Ол Әзербайжанның тарихи жерінде әскери арандатушылық жасалуын,  тарихи және діни ескерткіштерді де қосқанда мәдениетін қиратуын және бейбіт тұрғындарға агрессия саясатын жүргізуін айыптайтынын атап көрсетті.

Эфендиева Армения қарулы күштерінің оккупацияланған жерлерден сөзсіз шығарылуы және Әзербайжанның территория тұтастығын қамдау жөнінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің резолюциялары бар екенін атап көрсетті. «Халықаралық түрік мәдениет және мұра қоры Әзербайжанның ежелгі жері үшін жүргізген орынды саясатына қолдау береді және әлем қоғамын Арменияның агрессия саясатына әділ наразылық көрсетуге шақырады.  Арменияның әскери арандатушылығы себебімен қаза тапқандарға Алладан рақым тілеп, отбасы мен Әзербайжан халқына көңіл айтады. Жаралыларға жедел шипа тілейді» деп жазды.



Ұқсас жаңалықтар