Армяндардың оғынан тағы бір бейбіт тұрғын қаза тапты

Осыйлайша қақтығыстарда қаза тапқан бейбіт тұрғын саны 16-ға, жаралы азамат саны 55-ке жетті.

1500944
Армяндардың оғынан тағы бір бейбіт тұрғын қаза тапты

Әзербайжан армиясы басқыншылық астындағы жерлерін құтқару үшін Армения армиясына қарсы операция жүргізуде. Қақтығыстар түні бойы жалғасты.

Әзербайжан Бас прокуратурасы Армения армиясының Тертер қаласына оқ жаудырғанын,  бір бейбіт тұрғынның қаза тапқанын білдірді. Осыйлайша қақтығыстарда қаза тапқан бейбіт тұрғын саны 16-ға, жаралы азамат саны 55-ке жетті.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі күні бойы жасақтардың басқыншылық астындағы жерлердегі Армения күштерінің бекіністерін атқылағанын білдірді. Министрлік Армения обьектілеріне жасалған атыстардың көріністерін жариялады.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің басқа бір мәлімдемесінде төрт күн бойғы қақтығыстарда шамамен 200 танк пен сауытты көлік, 228 зеңбірек пен зымыран жүйесі,  30 әуе қорғаныс жүйесі, алты басқару және барлау пункты, бес оқ –дәрі қоймасы, 110 автокөлік және бір S-300 кешенінің жойылғаны білдірілді.

Арменияның Горус қаласынан қақтығыстар болып жатқан Әзербайжан жеріне зымыран лақтырылды. Әзербайжан Қорғаныс министрлігі зымырандардың Жебраил-Фузули аймағындағы майдан желісіне құлағанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар