Армяндар бейбіт халыққа оқ жаудырды

Арменияның шабуылында екі адам қаза тапты.

1499103
Армяндар бейбіт халыққа оқ жаудырды

Әзербайжанның Тертер провинциясында Армения армиясының артиллериялық атысы салдарынан 2 бейбіт тұрғын қаза тауып, 2 бейбіт тұрғын жараланды.

Әзербайжан Бас прокуратурасы жасаған мәлімдемеде Армения күштерінің кеше кешке қарай Тертер провинциясындағы Шихарх қаласына снаряд атқаны айтылды.

Мәлімдемеде шабуыл кезінде ағайынды 2 азамат қаза тауып, 2 бейбіт тұрғын жараланды деп хабарланды.

Кеше таңертең Армения армиясының артиллериялық атысының салдарынан Тертер қаласының орталығында бір азамат қайтыс болған еді.

Алдыңғы күні Нафталан провинциясындағы үйге снарядтардың түсуі салдарынан бір отбасынан 5 адам, оның ішінде орта мектеп оқушылары қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар