Әзербайжан мобилизация жариялады

Жарлыққа Ильхам Әлиев қол қойды.

1498527
Әзербайжан мобилизация жариялады

Әзербайжан кешегі қақтығыстарда армян армиясының 550-ден астам әскерінің қаза тапқанын және жараланғанын білдірді.

Әзербайжан Қорғаным министрлігінің хабарламасына қарағанда,  ауыр шығынға ұшыраған Армения армиясының 22 танкы және басқа да сауытты көліктері, 15 ұшақсоғар жүйесі, 18 ұшқышсыз әуе көлігі, 8 зеңбірегі жойылды.

Хабарламаға қарағанда, 550-ден астам жау әскері өлтірілді және жараланды. Жау армиясының үш оқ-дәрі қоймасы жойылды.

Талыш ауылы маңындағы қақтығыстарда жаудың әуе полкының қолбасшысы подполковник Лерник Бабаян өлтірілді. Оның қолбасшылығындағы әскери жасақ ауыр шығын берді. Хабарламада: «Жау армиясында жаралы көп болғандықтан әскери ауруханалар мен азаматтық ауруханаларда орын жетіспей жатыр.  Қан банкіне қан керек.  Әрқашан болғанындай армян жағы армиясындағы шығындарының шын санын халқынан жасырады» деп айтылды.

Сонымен қатар Әзербайжан елді мекендерді атқылауын жалғастырған Армения армиясына ескерту жасады.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения армиясының таңнан бастап Тертер қаласына оқ атқанын білдіріп: «Арменияға соңғы рет ескертеміз. Біз де қорғану үшін жауап береміз» деді.

Министрлік қақтығыстарда Арменияның танк пен сауытты көліктерінің жойылу кезінің көріністерін жариялады.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев елде ішінара мобилизация жариялануына байланысты жарлыққа қол қойды.

Жарлыққа қарағанда, Әзербайжан Мобилизация және әскерлік мемлекеттік қызметі әскери міндеті бар азаматтардың мобилизация үшін әскер қызметіне алынуын және әскери тасымал тақырыптарына байланысты шараларды жүзеге асырады.

Әлиев жарлыққа байланысты барлық тақырыптардың шешімін Министрлер кабинетіне тапсырды.



Ұқсас жаңалықтар