Баку азаттығының 102 жылдығы тойлануда

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Бакудің азаттығының 102 жылдығына орай президент Режеп Тайып Ердоғанға бір хат жолдады.

1491080
Баку азаттығының 102 жылдығы тойлануда
baku-Turk sehitligi.jpg
baku'nun kurtarilisi1.jpg
baku'nun kurtarilisi.jpg

Әзербайжанның астанасы Бакудің Кавказ Ислам армиясы  тарапынан армян қарақшылары және  Большевик одақтастарынан құтқарылуының 102 жылдығы тойлануда. 

Жылдыққа орай Баку түрік шәйттігінде ұйымдастырылған рәсімге Түркияның Әзербайжандағы төтенше және өкілетті елшісі Еркан Өзорал, әскери кеңесшісі генерал-майор Исмаиль Хаккы Көсеали және бірқатар әзербайжандық лауазым иелері қатысты. 

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Бакудің азаттығының 102 жылдығына орай президент Режеп Тайып Ердоғанға бір хат жолдады. 

Бауырдас Түркияның 102 жыл бұрын сол дәуірдің қиыншылықтарына қарамастан Әзербайжанға қол ұшын бергенін түсіндірген Әлиев Бакуді азат еткен Нури Паша қолбасшылығындағы Кавказ Ислам армиясының шейіттерінің батырлықтарын әрқашан жүректерінде сақтағандарын білдірді.  

Президент Әлиев 15 қыркүйектің Әзербайжан халқы үшін маңызды бір күн екенін және осы күнде Бакудің азат етіліп елдің астансы ретінде жарияланғанын баяндады. 

Әлиев хатында былай деді: "Бүгін Әзербайжан-Түркия бауырластығы мен достығы барша әлемге үлгі. Бауырлас Түркия Арменияның Әзербайжанға қарсы 12 шілде күні жасалған әскери провокациясына қатал тұғыр ұстанды. Әзербайжан халқы Товуздағы оқиғалармен байланысты қатал мәлімдемелеріңізге өте риза. Әзербайжан да әрқашан бауырлас Түркияның қасында болды және барлық тақырыпта қолдау көрсетуде. Әзербайжан-Түркия стратегиялық одақтастығы және ортақтығы аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздіктің орнатылуына және ынтымақтастықтың дамытылуына үлес қосқан ең маңызды бір фактор болып табылады".

Бірінші Дүниежүзілік соғысы жылдарында Әзербайжан Республикасы және Дағыстанның Османлы Императорлығының жәрдем талабы бойынша Әскери министрі Енвер Пашаның бұйрығымен құрылған Кавказ Ислам армиясы Кавказ шебінде соғысты.

Армян қарақшыларын жойған Кавказ Ислам армиясы 1918 жылы 15 қыркүйек күні Бакуді азатты етті.

Кавказ Ислам армиясы Бакудің құтқарылуы үшін 1130 шәйтті құрбан етті.

 



Ұқсас жаңалықтар