Түрік дәрігерлер Өзбекстанда

16 түрік дәрігер Өзбекстанның коронавируспен күресіне көмек беру мақсатты осы елдің ауруханаларында жұмыс істеуде.

1488362
Түрік дәрігерлер Өзбекстанда

ТР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан міндеттендірілген 16 түрік дәрігер Өзбекстанның коронавируспен күресіне көмек беру мақсатты осы елдің ауруханаларында жұмыс істеуде. 

Өткен айдың аяғында Өзбекстанға барған 9 дәрігер, 6 көмекші медициналық қызметкер мен бір биомедик инженерден тұратын түрік делегациясы Өзбекстанның бас қаласы Ташкентте ковид науқастары үшін салынған 4 мың төсек орынды ауруханада жұмыс істеуде.  Олар сонымен бірге Ферғана, Андижан, Наманган,  Самарқанд және Қашкадерия облыстарындағы ауруханаларда да науқастарды емдеуде. 

Балалар дәрігері, реанимация, анестезия, инфекция аурулары, жедел күтім, ішкі құрылыс және халық денсаулығы мамандарынан тұратын түрік делегациясы айырықша видео конференция арқылы жиналыстарға қатысып, өзбек әріптестерімен тәжірибелерін бөлісуде. 

Өзбекстандағы жұмыстарын 28 тамыз күні бастаған түрік дәрігерлер аптаның аяғына дейін осы елде болады.



Ұқсас жаңалықтар