Грекия медреселерге өз кадрларын тағайындайды

Грекия түрік азшылығының құқықтарын аяққа таптап келеді.

1484239
Грекия медреселерге өз кадрларын тағайындайды

Грекияның Батыс Фракиядағы түрік азшыл халықтың құқықтарын бұзу оқиғалары жалғасуда.

1923 жылғы Лозанна Бейбітшілік келісімімен Батыс Фракиядағы түрік қоғамына «азшыл» мәртебесі берілді. Құқықтары кепілдікке алынды.  Алайда Грекия осы құқықтарды елемей, түрік азшылығының құқықтарын аяққа таптап келеді.

Соңғы рет грек үкіметі медреселерді,  әсіресе Комотини медресесін бақылауға алу үшін бір жарлық шығарды.  Осы шеңберде медреселерде шешім беру органы Енжумен тобы төрағаларын гректер тағайындайды. Тіпті медреселердегі білім беретін қызметкерлерді де гректер тағайындайды.

Комотини медресесінің барлық оқытушыларының 31 тамыз күні міндеттен алынғаны хабарланды. Осы жарлық шеңберінде Ксанти және Комотинидегі екі медресе грек мектебі секілді басқарылады.

Грекияның осы шешімі Лозанна келісімі арқылы кепілге алынған азшыл халықтың құқықтарын аяққа таптау деген мағынаға келеді. 1923 жылғы Лозанна келісіміне қарағанда, Грекия Батыс Фракиядағы түрік азшыл халқының мектептерінің бақылауы мен білім берушілеріне араласуға хақы жоқ.

2011 жылдан бері түріктердің ондаған бастауыш мектебі оқушы жетіспейді деген сылтаумен жабылды немесе басқа мектептермен бірлестірілді. Азшыл халыққа жаңа мектеп ашу үшін болса рұқсат берілмейді.



Ұқсас жаңалықтар