Украина Түрік Кеңесіне бақылаушы мүше болғысы келгенін жариялады

Украинаның Сыртқы істер министрінің орынбасары Эмине Джеппар мәлімдеме жасады.

1477458
Украина Түрік Кеңесіне бақылаушы мүше болғысы келгенін жариялады

Украинаның Сыртқы істер министрінің орынбасары Эмине Джеппар Ресейдің Қырымды заңсыз аннексиялау мәселесін қозғау үшін Түрік Кеңесінде бақылаушы ел болғылары келетіндерін мәлімдеді.

Украина баспасөзінде орын алған хабарға қарағанда Джеппар Түрік Кеңесінде бақылаушы ел болғылары келгенін атап көрсетті.

Түрік Кеңесінің Қырым және Қырым татарлары тақырыбын күн тәртіпке әкелетін халықаралық бір платформа екеніне назар аударған Джеппар сондай-ақ Қырымдағы қауіпсіздік мәселесімен байланысты Киевте конференция ұйымдастыруды жоспарлағандарын білдірді. 



Ұқсас жаңалықтар