Түрік Кеңесі елдерінің денсаулық сақтау қызметкерлері жиналыс өткізді

Жиналыста коронавирустың жаңа түріне байланысты жаңалықтар талқыланды.

1471849
Түрік Кеңесі елдерінің денсаулық сақтау қызметкерлері жиналыс өткізді

Түрік кеңесі Денсаулық ғылыми кеңесінің жиналысы екінші рет ұйымдастырылды.  Жиналыста коронавирустың жаңа түріне байланысты жаңалықтар талқыланды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасына қарағанда, жиналыс Түрік Кеңесі бас хатшысы Бағдат Әміреев басшылығында өтті, Денсаулық сақтау министрінің орынбасары және Түрік Кеңесі Денсаулық ғылыми кеңесінің төрағасы Проф. Емине Алп Меше басқарған жиналыста ковид пандемиясында соңғы мәліметтер бөлісілді. Жиналысқа Әзербайжан, Венгрия, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан өкілдер орын алды.

Министр орынбасары Проф. Алп Меше жиналыста Ковид-19-бен күрес шеңберінде Түркияның Түрік Кеңесіне мүше елдермен жүргізген ынтымақтастығы және көмек жұмыстары жөнінде мәлімет берді. ТР Денсаулық сақтау министрлігі Ғылыми кеңесінің мүшесі Проф. Хакан Түрікчапар да «Ковид-19 эпидемиясымен күресте жеке адам және қоғам психологиясын басқару» атты баяндама оқыды.

Жинлыста сонымен бірге Түрік Кеңесіне мүше елдер арасында ортақ дерек қоры қалыптастырылуы, вакцина жұмыстары және мүше елдердің медициналық қызметкерлеріне онлайн білім беру бағдарламалары талқыланды.  Сондай-ақ 23-28 тамыз күндерінде Измирде болатын «Вакцина семинары» жөнінде де мәселелер қарастырылды.



Ұқсас жаңалықтар