Иордания Арменияға қару жолдаған

Иорданияның Әзербайжандағы өкілетті елшісі Абдуллах Гошехті Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі шақырды.

1462763
Иордания Арменияға қару жолдаған

Иорданияның Әзербайжандағы өкілетті елшісі Абдуллах Гошехті Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі шақырды.  Шақыруға Армения-Әзербайжан шекарасында қақтығыс болған кезде Арменияға қару жолдағандары себеп болды.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі хабарлама жариялап,  елшіні қабылдаған сыртқы істер министрінің орынбасары Араз Азимовтың Иорданияның Арменияға қару сатуына наразылық білдіргенін атап көрсетті.

Өкілетті елші де Әзербайжанның уайымын түсінетінін,  екі ел арасындағы стратегиялық қатынастарды назарға алып,  проблеманың шешілуі үшін жұмыстанатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар