Сербия Арменияға қару-жарақ жіберген

Министрдің орынбасары Халефов бұл мәселе бойынша Сербиядан түсініктеме күтетіндерін айтты.

1458408
Сербия Арменияға қару-жарақ жіберген

Әзербайжандағы Сербияның  елшілік кеңесшісі Даница Вейнович Әзербайжан Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.

Ол Армения-Әзербайжан шекарасында қақтығыстар болған кезде Сербия Арменияға қару-жарақ жіберді деген себеппен шақырылды.

Әзербайжан СІМ-нің мәлімдемесіне сәйкес, Вейновичті қабылдаған Сыртқы істер министрінің орынбасары Халеф Халефов Сербиядан Арменияға миномет пен әртүрлі калибрлі снарядтардан тұратын көптеген оқ-дәрінің жіберілгені туралы сенімді және тексерілген ақпарат бар екенін айтты.

Армения 12 шілдеде Товуз аймағында басталған шабуылдарда зеңбіректер мен минометтерді көбірек қолданғанын еске салған Халефов шабуылдар нәтижесінде Әзербайжан армиясының біреуі  генерал 12 қызметкерінің және бір бейбіт тұрғынның  шейіт болғанын атап көрсетті.

Халефов Әзербайжан мен Сербия арасында стратегиялық серіктестік келісімінің бар екенін еске салды. Ол Арменияның басқыншылық саясатына және Әзербайжанның территориялық тұтастығына қарсы жүргізіліп жатқан шабуылды қолдауды білдіретін Сербияның осы қадамының Әзербайжан халқы мен әкімшілігінің көңілін құлазытқанын айтты.

Министрдің орынбасары Халефов бұл мәселе бойынша Сербиядан түсініктеме күтетіндерін айтты.



Ұқсас жаңалықтар