Сыртқы істер министрін қызметінен босатты

Ильхам Әлиев сыртқы істер министрі Эльмар Меммедьяровты қызметінен босатты.

1456337
Сыртқы істер министрін қызметінен босатты

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев сыртқы істер министрі Эльмар Меммедьяровты қызметінен босатты.

Меммедьяровты қызметінен босату туралы шешімге қол қойған Әлиев Білім министрі Джейхун Байрамовты сыртқы істер министрі етіп тағайындады.

2004 жылы Сыртқы істер министрлігі қызметіне тағайындалған Меммедьяровты кеше министрлер кабинетінің отырысында президент Әлиев сынға алды.

Әлиев Меммедьяровтың Таулы Қарабах мәселесін шешу процесінде сәтсіздікке ұшырағанын және қақтығыс 12 шілдеде басталған кезде ол тиісті деңгейде жұмыс істей алмағанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар