Әлиев Түркияға алғыс айтты

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Әзербайжанның елді мекендеріне шабуыл жасағаны үшін  Арменияны "Фашист мемлекет" деді.

1456249
Әлиев Түркияға алғыс айтты

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Әзербайжанның елді мекендеріне шабуыл жасағаны үшін  Арменияны "Фашист мемлекет" деді.

Ильхам Әлиев Министрлер кеңесі жиналысында сөйлеген сөзінде 12 шілде күні шекарада болған қақтығыстарды бірінші болып Арменияның бастағанын және Армения армиясының Әзербайжанның Тавуз аймағына зеңбірекпен шабуыл жасағынын білдірді. 

Әзербайжан армиясының дереу тойтарыс беріп, шейіт болған әскерлердің өшін алғанын және жеңіске қол жеткізгенін түсіндірген Әлиев "Армения күштері бір сүйем Әзербайжан территориясына кіре алмады және осы жаман мақсатына ешқашан жете алмайды. Керісінше егер біз қаласақ бүгін Арменияның сол аймағында территориялардың көп бөлімін бақылау астына ала алушы едік. Бірақ біздің мұндай бір мақсатымыз жоқ" деген сөздер қолданды. 

Әлиев Армения армиясының Әзербайжанның елді мекендеріне де оқ жаудырғанын және 76 жасындағы бір адамның көз жұмғанын баяндап, "Тағы бір мәрте Арменияның фашист бір ел екенін паш етуде" деді. 

Әзербайжан халқының Таулы Қарабах үшін жүргізілген мағынасыз келіссөздерден әбден жалыққанын түсіндірген Әлиев "Халықтың сабырының да шегі бар. Біз күшті бір армия құрдық. Таулы Қарабах тақырыбында кері қадам баспаймыз. Әзербайжанның территория тұтастығы жүзеге асырылады және бұл тақырыпта табандымыз" деді. 

Түрік халқына және Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға берген қолдауына орай алғыс айтқан Әлиев "Барша әлем Түркия және Әзербайжан халықтарының  бауырлас екенін тағы бір рет көрді" деген сөздер қолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар