Қырым Татар Ұлттық байрақ күні тойланды

Украинаның бас қаласы Киевте Қырым Татар Ұлттық байрақ күні тойланды.

1444156
Қырым Татар Ұлттық байрақ күні тойланды

Украинаның бас қаласы Киевте Қырым Татар Ұлттық байрақ күні тойланды. 

Украина Сыртқы істер министрлігіндегі шараға Украина Сыртқы істер министрі Дмитро Кулеба, Сыртқы істер министрінің орынбасары Емине Джеппар, Қырым татар халқының лидері Мұстафа Джемилев, Қырым Татар Ұлттық мәжілісінің төрағасы Рефат Чубаров қатысты. 

Рәсімде татар түркілерінің “Алтын тарақ таңбалы” байрағы желбіретілді.

Кулеба осында сөйлеген сөзінде татар байрағының Украина үшін маңызды екенін айтып: “Заңсыз түрде басып алынған Қырымда қалған татарлардың құқықтарының қорғалуы және Қырымның басқыншылықтан құтқарылуы - біздің басымдылығымыз” деді. Ол Қырым татар байрағының Қырымда да желбіреуі үшін күресетіндерін айтты. 

Қырым Татар Ұлттық мәжілісінің төрағасы Чубаров та “Украина байрағы мен татар байрағы Қырымда бірге желбірейді” деді. 

Қырым Татар Ұлттық Құрылтайы 2010 жылы 26 маусым күнін Қырым татар Ұлттық байрақ күні деп жариялап,  сол күннен бері мереке ретінде тойланып келеді.



Ұқсас жаңалықтар