Өзбекстан авиакомпаниясына түрік басшы

Орхан Сиврикая Өзбекстан авиакомпаниясының төрағасының орынбасары болды.

1439886
Өзбекстан авиакомпаниясына түрік басшы

Түрік Әуе жолдарының бұрынғы төраға орынбасары Орхан Сиврикая Өзбекстан авиакомпаниясының төрағасының орынбасары болды. 

Өзбекстан Әуе жолдарының хабарламасына қарағанда,  бұдан бұрын Өзбекстан авиакомпаниясында кеңесші ретінде қызмет атқарған Сиврикая компанияның басқару жиналысында төраға орынбасарлығына сайланды. 

Түрік Әуе жолдарының бұрынғы басшыларының бірі Сиврикая 2017 жылдың қараша айынан бері Өзбекстан Әуе жолдарында стратегиялық дамуға жауапты кеңесші қызметін атқарып келеді. 

 



Ұқсас жаңалықтар