Украинадан халықаралық шақыру

Украина парламенті БҰҰ және халықаралық ұйымдарды Қырым татар сүргінін геноцид ретінде тануға шақырған резолюцияны қабылдады.

1428219
Украинадан халықаралық шақыру

Украина парламенті БҰҰ және халықаралық ұйымдарды Қырым татар сүргінін геноцид ретінде тануға шақырған резолюцияны қабылдады. 

Мәжілісте талқыланған заң жобасы 450 депутаттың 310-ының даусымен қабылданды. 

Заңға қарағанда,  БҰҰ, Еуропа Парламенті, Еуропа кеңесі Парламенттік мәжілісі,  Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, НАТО парламенттік мәжілісі,  Қаратеңіз Экономикалық ынтымақтастық парламенттік мәжілісі мен халықаралық үкіметтер 1944 жылғы Қырым татар сүргінін тануға және 18 мамыр күнін Қырым татар сүргінінің құрбандарын еске алу күні ретінде жариялауға шақырылады. 

Заңда айырықша халықаралық ұйымдарға Қырымның аннексиясы және Қырым татарларының еркіндіктерін бұзғаны себепті Ресей Федерациясына қарсы қосымша шара қолдануға шақыру тасталды.



Ұқсас жаңалықтар