Түрік Кеңесі елдерінің көші-қон қызметі басшылары бас қосты

Эпидемия кезеңінде виза мен тұруға рұқсат мерзімін бұзған азаматтарға уақытша жеңілдік жасалады.

1413333
Түрік Кеңесі елдерінің көші-қон қызметі басшылары бас қосты

Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі (Түрік Кеңесі) елдерінің көші-қон қызметі басқармалары жаңа тип коронавирус (Сovid-19) эпидемиясы кезеңінде виза мен тұруға рұқсат мерзімін бұзған азаматтарға өзара әкімшілік және айыппұл төлету туралы шара қолданбау туралы шешім қабылдады.

Әзербайжан Мемлекеттік миграция басқармасы төрағасы Вусал Хусейнов модераторлық жасаған видео конференция әдісімен болып өткен жиналысқа Түрік Кеңесі Бас хатшысы Бағдат Әміреев, ТР Көші-қон қызметі басқармасы бас директоры Абдуллах Аяз, ҚР Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейтжанов, Қырғызстан Республикасы Мемлекеттік көші-қон қызметінің төрағасы Болотбек Ибраимжанов, Өзбекстанның Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігі жанындағы сыртқы еңбек көші-қон агенттігінің басшысы Бахтиёр Турсунов және Венгрия Мигранттар полициясы ұлттық бас директорының орынбасары Джозеф Серес қатысты.

Эпидемияның бір-бірлерінің елдерінде қалып кеткен азаматтарына болымсыз ықпалын қолға алған лауазымдылар тұру құжаты, виза және көші-қон қызметіне қатысты барлық мәселелерді шешу үшін қабылданатын шараларды қолға алды, аталмыш тақырыптарда көзқарас алмасылды.

Эпидемия кезеңінде виза мен тұруға рұқсат мерзімін бұзған азаматтарға өзара әкімшілік және айыппұл төлету туралы шара қолданбау туралы шешім қабылдады.

Әуежайлар мен шекаралық аймақтардағы бақылау бекеттеріне қоса, бір-бірлерінің жеріндегі азаматтарға ауқымды көмек пен көші-қон қызметі қамтамасыз етудің маңызына назар аударған тараптар мигранттар барған елде заңды мерзімнен асқан тұруларына рұқсат беріп, көші-қон қызметі шарттарын уақытша жеңілдету тақырыбында келісті.

Жиналыс барысында Көші-қон қызметі координациялық тобы құруға шешім қабылданды.



Ұқсас жаңалықтар