Еуразия түркологтары сөздігінің екінші томы жарық көрді

Еуразия түркологтары сөздігінің Қазақстан мен Қырғызстан түркологтарын қамтыған екінші томы оқырмандарына ұсынылды.

1411215
Еуразия түркологтары сөздігінің екінші томы жарық көрді

Еуразия түркологтары сөздігінің екінші томы жарық көрді.

Еуразия түркологтары сөздігінің Қазақстан мен Қырғызстан түркологтарын қамтыған екінші томы оқырмандарына ұсынылды.  Кітапты Түріксой ұйымы мен ТР Түрік Тарих мекемесі басып шығарды.

2011 жылы Түріксойдың бастамасымен басталған жұмыс шеңберінде Проф. Александр Колесников және Проф. Ильяс Камалов дайындаған Ресей түркологтарын қамтыған туындылардың жалғасы саналатын осы еңбекте тарих,  тіл,  әдебиет, археология және социология саласындағы 340 ғалым орын алған.

Кітаптың бас координаторы – Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксойдың бас хатшысы Проф. Др. Дүйсен Қасейінов. Туындының мұқабасында Манас дастаны жөнінде алғашқы деректерді жинақтап, орыс тіліне аударған Шоқан Уалиханов пен тіл саласындағы еңбектерімен танымал қырғыз түрколог Болат Юнусалиевтың суреттері орын алған.

Кітапта 20-ғасыр және 21-ғасырдың басында өмір сүрген түркологтарға орын берілген. Кітап түрік және орыс тілдерінде басылып шықты.

Кітаптың басты ерекшеліктерінің бірі – Түркология саласында жұмыстанған жас ғалымдарға да орын берілуі.



Ұқсас жаңалықтар