Қазақстанда реформалар жалғасады

Қазақстан президенті Тоқаев елде ауқымды саяси реформа жалғасатынын білдірді.

1411037
Қазақстанда реформалар жалғасады

Қазақстан президенті Тоқаев елде ауқымды саяси реформа жалғасатынын білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында уақыттың қажеттіліктеріне сай реформа жүргізгендерін айтып: «Заман талабына сай саяси реформалар жүргізілуде. Қазір менің бастамаммен Парламентте бірқатар маңызды заңнамалық өзгерістер талқылануда. «Бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі» туралы заң жобасы қарастырылып жатыр. Бұл еліміздің демократиялық дамуын айқындайтын өте маңызды құжат болатынына күмән жоқ» деді.

«Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына түсетін саяси партиялар әйелдер мен жастар үшін отыз пайыздық квота бөлетін болады. Осыған орай заңға тиісті толықтырулар енгізу қарастырылуда. Сондай-ақ саяси партияларды тіркеуді жеңілдету, парламенттік оппозиция институтын қалыптастыру үшін заңнамаға маңызды түзетулер жасалмақ.» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар