Өзбекстанда су тасқыны

Президент Шавкат Мирзиеев апат аймағына барды.

1409264
Өзбекстанда су тасқыны
ozbekistan baraj duvari cokme.jpg
ozbekistan baraj duvari cokme1.jpg

Өзбекстанда нөсер жаңбырдың әсерімен Сырдария облысында су қомасы бөгеті зақымдалып, жүздеген үйді су басып кеткен. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз мәлімдемешісі Мурад Садыков Сардоба су қоймасының зақым көруіне баланысты су тасқыны болғанын білдірді.  

Садыков өңірдегі егістіктер және кейбір елді мекендердің су астында қалғанын,  жүздеген үйдің қирағанын, 56 адамның жарақат алғанын,  су тасқыны болған өңірде өмір сүретін 70 мың адамның эвакуацияланғанын хабарлады. 

Ол құтқару топтарының жұмыстарының жалғасуда екенін, су қоймасы суының басқа салаларға бағыттандырылуы нәтижесінде су тасқынының тоқтатылғанын айтты. 

Президенттік аппараттың Баспасөз қызметі де президент Шавкат Мирзиеевтің апат аймағына жеткенін хабарлады. Су қоймасын тексерген Мирзиеев зардап шеккен азаматтармен де кездесті. “Барлық күшімізді жұмсаймыз. Шарттар жақсарғанға дейін мені де қосқанда ешбір басшы осы жерден кетпейді” деді ол. 

2017 жылы құрылысы аяқталған Сардоба су қоймасының әлеуеті 922 миллион текше метр.  Қойма Сырдария және Джиззак облыстарының егістіктерінің сулауында қолданылады. 


 



Ұқсас жаңалықтар