Түрік Кеңесі елдері ынтымақтастықты бекемдейді

Түрік Кеңесі Денсаулық сақтау министрлері жаңа типті коронавирус індетімен күресте ынтымақтастықты бекемдеуге шешім қабылдады.

1407069
Түрік Кеңесі елдері ынтымақтастықты бекемдейді

Түркі Тілдес Мемлекеттер ынтымақтастық ұйымы (Түрік Кеңесі) Денсаулық сақтау министрлері жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетімен күресте ынтымақтастықты бекемдеуге шешім қабылдады. 

Түрік Кеңесінен жасалған мәлімдемеде видеолы конференция жолымен өткен жиналысқа Түрік Кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әмреев, Түркия Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа, Әзірбайжан Денсаулық сақтау министрі Октай Ширелиев, Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Қырғызстан Денсаулық сақтау министрі Сабыржан Әбдікәрімов, Өзбекстан Денсаулық сақтау министрі Алишер Шадманов қатысты.

Бақылаушы ел ретінде Венгрия Денсаулық сақтау министрі Золтан Лоринзи мен Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы Еуропа бюросының директоры Ханс Клуг та қатысты. 

Қатысушылар өз елдеріндегі коронавируспен күрес жағдайы, денсаулық сақтау инфрақұрылымы, тексеру және емдеу әдістері мен карантин шаралары сияқты мәліметтерді ұсынған жиналыста індетке қарсы нақтылы ынтымақтастық жасау тақырыбында келісімге келді.

Министрлер мүше елдердің басты ғалымдары, дәрігерлермен қатысты ұйымдардың төрағалары бас қосатын координация комитеті арқылы ынтымақтастық механизмін қалыптастыруға келісті.

Медициналық материалдар мен дәрі-дәрмек өндірісінде өзара жәрдем беру тақырыбында мүше елдер арасында қамдау дәлізін орнатуға шешім жасалған жиналыста денсаулық сақтау министрлерінің орынбасарлары мен қатысты директорлар өресінде құрылатын бір механизм арқылы коронавирусқа қарсы күрестің ұйымдастырылуы тақырыбында келісімге келінді.      



Ұқсас жаңалықтар