Ең ұзын жүк пойызы Бакуге жетті

Жүк пойызындағы жүктердің кейбірі Ақтау портына жөнелтілді.

1406731
Ең ұзын жүк пойызы Бакуге жетті

Түркиядан экспорт тауарларын тасыған ұзындығы 940 метрлік жүк пойызы Бакуден Каспий теңізіне шықты. 

Түркияның Карс қаласынан 18 сәуір күні жолға шыққан жүк пойызының жүгі Әзербайжанның бас қаласы Баку Алат ауданындағы Баку Халықаралық Теңіз сауда портына түсірілді. 

Контейнерлердің жиырмасы Әзербайжанда қалады.  24-і Қазақстанның “Түркістан” атты жүк кемесіне тиелді,  кеме Ақтау портына қарай жолға шықты. 

Контейнерлердің отызы Түрікменстанның Түрікменбашы, сегізі Қазақстанның Құрық портына жолданады. 

Баку-Тбилиси-Карс теміржолы магистраліндегі ең ұзын пойызбен тазалық материалдарынан автомобиль өнеркәсіп өнімдеріне дейін көптеген тауар тасымалданды. 

Барлық істер адамның қолы тиместен, дезинфекция шарттарына сай атқарылды.



Ұқсас жаңалықтар