Қырғызстандағы түрік азаматтары Түркияға жеткізілді

Түркия Қырғызстанға Түрік Әуе жолдарының ұшағын жіберді.

1402613
Қырғызстандағы түрік азаматтары Түркияға жеткізілді

Кoрoнавирус эпидемиясына байланысты төтенше жағдай жарияланып,  сағат 20.00-08.00 арасында көшеге шығуға тыйым салынған Қырғызстандағы түрік азаматтары эвакуациялануда. 

Эвакуация шеңберінде Түркия Қырғызстанға Түрік Әуе жолдарының ұшағын жіберді. 

300 түрік азаматы ұшақпен Түркияға жеткізілді. 

Covid-19 эпидемиясы әлем көлемінде тарай бастағаннан кейін вирус Қырғызстанда 18 наурыз күні бірінші рет тіркелген бoлатын. 

Қырғызстан осыған байланысты шекараларды жауып, рейстерді тoқтатқан бoлатын. 

Coнымен қатар Ирактың бас қаласы Бағдаттан жеткізілген 366 түрік азаматы Диярбакыр және Батмандағы жатақханаларға oрналастырылды.



Ұқсас жаңалықтар