Түрік Кеңесі елдері ұйымшылдық ішінде

Бас хатшы Әміреев жаһандық індеттің басынан бері Түркі әлемі лидерлерінің өзара жақын ынтымақтастық жасасқанына назар аударды.

1391674
Түрік Кеңесі елдері ұйымшылдық ішінде

Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесі Түрік Кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев кеңеске мүше елдердің жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетіне қарсы өзара ынтымақтастық көрсеткенін атап айтты.

Түрік Кеңесінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Бас хатшы Әміреев жаһандық індеттің басынан бері Түркі әлемі лидерлерінің өзара жақын ынтымақтастық жасасқанына назар аударды.

Бас хатшы Бағдат Әміреев:

"Түркия Әзірбайжанға диагноз жабдығын жолдаған алғашқы ел болды, осылайша бауырлас Әзірбайжан аталмыш ауруды анықтау үшін қажетті мүмкіндікке қол жеткізді.

Түркия Қырғызстанның астанасы Бішкектегі Қырғыз-Түрік емханасын Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігіне өткізіп беруге шешім қабылдады. 

Өзбекстан көршілі Қырғызстанға гуманитарлық жәрдем жолдады.

Қазақстан үкіметі қырғыз азаматтарының Қытай мен Үндістаннан әуе жолымен еліне қайтуына мүмкіндік жаратты" деп көрсетті.

Түрік Кеңесіне мүше елдердің коронавирустың Еуропа елдеріне таралауы хабарларынан кейін дереу Венгрияға медициналық жәрдем жолдаған алғашқы елдер екенін ескеркен Әміреев:

"Түркия, Әзірбайжан және Өзбекстан Венгрияны шұғыл қажет болған масканы қамтыған медициналық жабдықтармен қамдады" деді.



Ұқсас жаңалықтар