Түркиядан Қазақстанға медициналық көмек

Бауырластың көмегі қуантты.

1388513
Түркиядан Қазақстанға медициналық көмек

 

Бір түрік іскердің коронавируспен күреске қолдау мақсатты Қазақстанға жіберген медициналық материалдары келіп жетті. 

 Түркияда жұмыс істейтін түрік компаниясы Қазақстанда Covid-19 эпидемиясына қарсы жүргізілген күреске қол ұшын созды. 

Түрік компаниясы емханаларға жеткізу үшін демперде, қорғаушы көзілдірік, қолғап және қорғаушы киім секілді материалдардан тұратын жарты тонна көмекті Қазақстанға жолдады. 

Осы компания бұдан бұрын да жүз дана ультра қызыл температура өлшейтін жиһаз жіберген болатын. 

Анкарадан Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі және Air Astana авиакомпаниясының қолдауымен Қазақстанға жеткізілген көмек материалдары қазақстандықтарды қуантты. 

Түрлі баспасөз органдарында компания қожайыны Хүсейін Арсланның “Қазақстан- ата жұртымыз. Тіліміз,  дініміз, қанымыз бір. Біз бауырласпыз. Қиын кезде YDA ретінде қол ұшын созуды қарыз деп білеміз” деген сөздері орын алды. 

Гюзал Заитова

TRT  Нұр-Сұлтан өкілдігі



Ұқсас жаңалықтар