Қазақстандағы түрік азаматтары елдеріне оралады

Қазақстандағы түрік азаматтары 29 наурыз күніне дейін елге оралуына болады.

1385941
Қазақстандағы түрік азаматтары елдеріне оралады

Түркияның Қазақстан Республикасындағы өкілетті елшілігі елге қайтқысы келгендерге жедел хабарлама жариялады. 

Қазақстандағы түрік азаматтары 29 наурыз күніне дейін елге оралуына болады. 

Бұл туралы хабарламаны Қазақстандағы Түркия елшілігі әлеуметтік желіден жариялады. Хабарламада  “Қазақстаннан елге оралғысы келетін барлық азаматтарымыздың Air Astana және SCAT әуежолдарының рейстерімен елге оралуына мүмкіндік жасалады” деп айтылды. Түркияға оралғысы келетін азаматтар осы екі әуежолымен байланысқа өтуі керек. 

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан ұшатын жолаушылардың осы екі қалада карантин жүргізілгендіктен алдымен елшілік және Алматы бас консулдығымен хабарласуы керек. 

Осыған орай Түркияға қайтқысы келетін түрік азаматтары 26 наурыз күні Алматы,  27 наурыз күні Атырау, 28 наурыз күні Нұр-Сұлтан және 29 наурызда Алматыдан ұшуына болады. 

Гюзал Заитова

TRT Нүр-Сұлтан өкілдігі



Ұқсас жаңалықтар