Бішкекте Түрік мода және текстиль жәрмеңкесі ашылды

Қырғызстан астанасы Бішкекте 3-ші кезекті Түрік мода және текстиль жәрмеңкесі ашылды.

1376598
Бішкекте Түрік мода және текстиль жәрмеңкесі ашылды

Қырғызстан астанасы Бішкекте 3-ші кезекті Түрік мода және текстиль жәрмеңкесі ашылды.

Түрік Лидер Экспо, Қырғыз Би Экспо және Дордой ынтымақтастығымен ұйымдастырылған жәрмеңкеге түрік текстиль саласынан 40 компания қатысты. 

Жәрмеңкеде кездеме, аксессуар, дайын киім және жобаланған өнімдер көрмеге қойылды.

Организация компаниясы Лидер Экспо директоры Фазыл Мұрат Гүнер Еуразия Экономикалық одағының мүшесі Қырғызстанда соңғы кезде мұқият өндіріс жүргізілгенін білдіріп, қырғыз басшылармен кездесулерінде кездеме мен аксессуар өнімдеріне жоғары талап болғанын байқағандарын айтты.

Коронавирус себепті Қытаймен кеден қақпалары жабылған Қырғызстанды аталмыш өнімдермен тек түрік компаниялары қамдағанын айтқан Гүнер Қырғызстан мен Түркия арасындағы сауданы арттыруға есе қосуды мақсат еткендерін атап көрсетті.  

 Жәрмеңке 13 наурызға дейін ашық болады.



Ұқсас жаңалықтар