СКТР-ның алғашқы отандық көлігі таныстырылды

Таяу Шығыс Университеті Зерттеу-жетілдіру топтары мен Автомобиль инженерлігі кафедрасы бірігіп көлік жасап шығарды.

СКТР-ның алғашқы отандық көлігі таныстырылды

Солтүстік Кипр Түрік Республикасында отандық автомобиль «Гүнсел» таныстырылды.

Таяу Шығыс Университеті Зерттеу-жетілдіру топтары мен Автомобиль инженерлігі кафедрасы бірігіп көлік жасап шығарды.

2016 жылы прототип өндірісі аяқталған СКТР-ның отандық және электрмен жүретін автомобилі Гүнселдің алғашқы модеkі B9 бен екінші моделі SUV типіндегі J9 таныстырылды.

Таныстыру кешіне премьер-министр Ерсин Татар, вице-премьер және сыртқы істер министрі Кудрет Өзерсай, министрлер, депутаттар, Түркияның СКТР-дағы өкілетті елшісі Али Мурат Башчери, СКТР-ның үшінші президенті Дервиш Ероғлу қатысты.

Бағдарламада Гүнселдің таныстыру ролигі көрсетілді.  Техникалық ерекшеліктері таныстырылды.

Премьер-министр Татар «СКТР үшін қуанышты оқиғаға куә болып отырмыз. Осындай жаңалықты жасап шығарғандарға алғыс айтамын» деді.

Жаңа автомобиль Гүнсел 2021 жылы өндіріле бастайды.



Ұқсас жаңалықтар