Әзірбайжан мен Армения басшыларының бетпе-бет пікірталасы

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Николь Пашинян  Мюнхенде пікірталасты.

1360183
Әзірбайжан мен Армения басшыларының бетпе-бет пікірталасы

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Николь Пашинян 56-шы Мюнхен Қауіпсіздік Конференциясы аясында ұйымдастырылған бір отырыста Таулы Қарабах тақырыбында пікірталас жүргізді.

Аталмыш отырыспен тарихта алғаш рет Әзірбайжан мен Армения басшылары қоғам алдында ашық пікірталас жасады.

Әлиев баяндамасында Таулы Қарабах Әзірбайжанның топырағы екенін және Әзірбайжан жерінің шекара тұтастығының халықаралық қоғам тарапынан танынғанын еске салды. Бүгін Әзірбайжан топырағының 20 пайызының Арменияның басқыншылығы астында екенін және 1 миллионнан астам Әзірбайжан азаматының қоныс аударғанын еске салған Әлиев Әзірбайжан халқына қарсы этникалық тазалау жасалғанын атап көрсетті.

Әлиев Ходжалыда 613 жазықсыз адамның армяндар тарапынан қырылғанын еске салып, «Халықаралық құқық тұрғысынан қарағанда Қарабах Әзірбайжан топырағы болып табылады. БҰҰ-ның армян әскерлерінің басқыншылықты жоюы керектігі жөнінде 4 қарары бар. Бұл қарарлар орындалмады. Шешім Әзірбайжан шекара тұтастығы негізге алынып қамтамасыз етілуге тиісті» деді.

Пашинян болса Ходжалы қырғынын мойындамады. Мәселенің бейбітшіл жолмен шешілу керектігін тілге тиек еткен Армения  премьер-министрі Таулы Қарабахта Армения Қарулы күштерінің емес, Таулы Қарабах тұрғыны армян қарулы күштерінің бар екенін алға тартты. Дегенмен кейін өз баласының да Таулы Қарабахтағы майдан желісінде әскерлік борышын өтегенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар