Қазақстаннан Ресейге ұсыныс

ҚР Энергетика министрі ресейлік әріптесімен кездесті.

Қазақстаннан Ресейге ұсыныс

Қазақстан Ресейге  «Сила Сибири – 2» газ құбырының Қазақстан аумағы арқылы өткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

ҚР Энергетика министрлігі министр Нұрлан Ноғаевтың Ресей сапары шеңберінде ресейлік әріптесі Александр Новакпен кездескенін білдірді.

Кездесуде Нұрлан Ноғаев пен Александр Новак екі ел арасындағы энергетикалық өзара әрекеттестікті, сонымен қатар мұнай мен газды тасымалдау саласы бойынша екі ел арасындағы өзара тиімді серіктестікті талқылады.

Хабарламада «ҚР Энергетика министрі Н.Ноғаев «Сила Сибири – 2» газ құбырын кейіннен Қытай Халық Республикасының «Батыс – Шығыс» газ құбыры жүйесіне қосылатындай етіп, оны Қазақстан аумағынан  өткізуді ұсынды» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар