Түрік әлемі опера жұлдыздары Белградта концерт берді

Сербияда Абайдың 175 жылдығы атап өтілді.

Түрік әлемі опера жұлдыздары Белградта концерт берді

Түрік әлемі Опера жұлдыздары Сербияның бас қаласы Белградта концерт берді.

Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксой мен Юнус Эмре Институтының бірігіп ұйымдастыруымен ұлы қазақ қайраткері Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы атап өтілді.  Осы шеңберде сахнаға шыққан әншілер түрік әлемінің туындыларын орындады.

Белградтағы концертке Түркияның Сербиядағы өкілетті елшісі Танджу Билгич, Түріксой бас хатшысы Дүйсен Қасейінов және ЮЭИ Белград директоры Фахри Акдоған қатысты.

Концертте Түрікменстаннан дирижер Рустам Рахмедов, Әзірбайжаннан сопрано Фарида Маммадова, Қазақстаннан сопрано Жұпар Ғабдуллина, баритон Талғат Күзенбаев, домбырашы Жанаргүл Саркенова мен Түркиядан «канун» шебері Ахмет Баран өнер көрсетті.

Түрік әлемі операшылары Сараевода да концерт берді.



Ұқсас жаңалықтар