Ильхам Әлиев көңіл айтты

Әзербайжан президенті қар көшкінінде қаза тапқандар үшін президент Ердоғанға көңіл айтты.

1354702
Ильхам Әлиев көңіл айтты

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ван-Бахчесарай жолында болған қар көшкінінде қаза тапқандар үшін президент Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айтты.

Әлиев Әзербайжан президенттік аппаратының ресми парақшасында жарияланған жедехатында Вандағы апатта 41 адам қаза табуына қатты қайғырғанын білдірді.

Ильхам Әлиев президент Ердоғанға, қаза тапқандардың отбасыларына,  жақындары және түрік халқына өзінің және Әзербайжан халқының атынан көңіл айтты. Жаралы азаматтарға шипа тіледі.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі де Вандағы қар көшкіні және Стамбулдағы ұшақ апатында қаза тапқандар үшін көңіл айтып, желехат жолдады.

Жедехатта «Қайғыңыз біздің де қайғымыз, бауырымыз Түркия» деп жазылды.



Ұқсас жаңалықтар