«Түркия Стипендиялары» Ташкентте таныстырылды

Түркия одан да көп өзбек жастарына білім бергісі келеді.

1353671
«Түркия Стипендиялары»  Ташкентте таныстырылды

«Түркия Стипендиялары» бағдарламасы Ташкентте таныстырылды.

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы Өзбекстанның бас қаласы Ташкентте Өзбекстан Жастар одағы ғимаратында таныстыру ұйымдастырды.

Таныстыруға Түркияның Өзбекстандағы өкілетті елшілігі кеңесшісі Давуд Гази Бенли де қатысты.

Өзбек жастары үлкен қызығушылық танытқан бағдарламада Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының Шетелдік студенттер департаментінің төрағасы Ахмет Атабаш мәлімет берді.

Атабаш 208 университеті бар Түркияның стипендия бағдарламасы үшін 170 елден өтініш келгенін білдірді.

Атабаштың айтуынша, Түркия жыл сайын бакалавр, магистратура және докторантура деңгейінде білім алатын 4 мыңдай шетелдік студентке стипендия беріп отыр.  Қазір Түркия университеттерінде Өзбекстаннан 800 студент білім алуда.

Атабаш Түркияда жоғары білім алатын өзбекстандық студенттердің санын арттыру және табысты өзбек жастарға Түркияда білім бергісі келетіндерін айтты.

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының өкілі бағдарлама шеңберінде өзбек журналистер мен жастарының  сұрақтарына да жауап берді.

Ол елдегі байланыстары аясында Жоғары білім министрлігі, «Ел-жұрт үміті» фонды және Өзбекстан Ұлттық университетінде бірсыпыра кездесулер өткізгендерін,  осы кездесулердің ертең де жалғасатынын айтты.

Атабаш осы кездесулерде өзбек органдарына Түркия стипендиялары жөнінде кең мәлімет бергендерін, ал өзбек лауазым иелерінің тақырыпқа ықылас танытқанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар