Қазақстан Президенті АҚШ-тың мемлекеттік хатшысын қабылдады

Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоны қабылдады.

1351674
Қазақстан Президенті АҚШ-тың мемлекеттік хатшысын қабылдады

Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында Нұр-Сұлтан қаласына ресми сапармен келген АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоны қабылдады.

Тараптар барлық бағыт бойынша, оның ішінде сауда, инвестиция, IT-технология, демократиялық құндылықтарды ілгерілету және халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл салаларындағы екіжақты байланыстарды тереңдетудің маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанда Ауғанстан бойынша арнайы өкіл лауазымын ашуға ниетті екенін айтты.

«Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындаған ел. Біз бұл тарихи фактіні үнемі есімізде ұстаймыз. Мемлекеттеріміз арасында көптеген бағыт бойынша, оның ішінде, ядролық қаруды таратпау, халықаралық терроризммен күрес және экономикалық ынтымақтастық секілді салаларда тығыз қарым-қатынас орнаған. Сонымен қатар өзара ықпалдастығымызды одан әрі дамыту мақсатында пайдалануға болатын әлеуетіміз де бар», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы С5+1 (Орталық Азиядағы бес ел + АҚШ) диалогы форматының маңызды екенін атап өтіп, оның 3 ақпанда Ташкентте өтетін кезекті отырысының табысты болатынына сенім білдірді.

АҚШ мемлекет хатшысы Помпео болса Қазақстанның Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан өз азаматтарын алып шығу талпынысының аса маңызды екенін атап көрсетті.

Помпео Қазақстанның Ауғанстанда бейбітшілікті қамтамасыз ету, экономикалық және гуманитарлық мүмкіншіліктерді күшейтуге зор үлес қосқанына назар аударды.

 



Ұқсас жаңалықтар