Молдова президентінің Түркия сапары

Еуразия күн тәртібі - 2

Молдова президентінің Түркия сапары

Президент Режеп Тайып Ердоғанның 2018 жылы Молдоваға жасаған сапарына қарымжы ретінде  Молдова президенті Игорь Додон 2019 жылы 30 желтоқсанда Анкараға  бір күндік сапармен келді. Сапар арқылы екі ел арасындағы жоғары дәрежелі сапар жыл ауыспай іске асты.

Аталмыш сапардың маңыздылығы Молдова президенті мен премьер-министрінің тұңғыш рет шетелге бірге сапарға шығуы болды. Бұл Молдова жоғары дәрежелі басшылары арасындағы ұйымшылдықтың артқанын және Кишиневтің Түркияға мән бергенін айқын көрсетті.

Игорь Додон мен делегациясын Анкарада президент Ердоған ресми түрде қарсы алды.  Екі басшы және делегациялар арасындағы кездесулерден кейін төрт тақырыпта келісім жасалды.  Молдова делегациясы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде төраға Мұстафа Шентоппен кездесті. Шентоп кездесуде молдовалық әріптесі Зинаида Гречаныйды 2020 жылы сәуірде өтетін Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің 100 жылдық мерейтойына шақырды.

Президент Ердоғанның 2018 жылы қазан айында Молдоваға жасаған сапарынан кейін екі жақты қарым-қатынастардың стратегиялық өреге көтерілгенін айтуға болады. Анкара мен Кишинев тіпті жақын және көлемді ынтымақтастықты дамытуда.

Түркияның Молдовадағы инвестициялары артты, екі жақты сауда мөлшері көбейді. Өткен жылы 500 миллион доллар болған Түркия-Молдова  сауда мөлшерінің ынтымақтастықты шешіммен жалғастыру арқылы нысанаға алынған бір миллиард долларлық мөлшерге 5-10 жыл ішінде жетуі мүмкін.

      Түркия мен Молдова арасында өткен жылдан бері төлқұжатпен кіру тәртібі атқарылды. Молдовалық туристердің демалыстарын Түркияда өткізуі және туризмнің жандануы үшін бұл тәртіп маңызды бір қадам ретінде тіркелді.  Түркияның көршілерімен, дос және бауырлас елдермен арадағы төлқұжатпен кіру тәртібі кеңейіп жалғастырылуда. Бұл Түркияның аймақтық күш ретінде қызықтыратын орталық болуына мүмкіндік жаратады.

      2019 жылы 30 желтоқсанда қол қойылған келісімнің біреуі -  Юнус Эмре институтын Молдовада ашу жоспары.  Түркияның Молдовадағы болмысын күшейте бастаған бір кезеңде аталмыш келісімге қол қойылуы  дұрыс бір шешім болмақ.

      Анкарада екі елдің Ішкі істер министрлері әскери күштердің тәжірибе бөлісуі мен білім беру ынтымақтастығы келісіміне қол қойды. Осы келісім алдағы кезеңде Түркияның қажет деп табылса көршісі Молдоваға жәрдем қолын созуының алғашқы қадамы болып есептеледі.

      Ресей, Еуропа Одағы, Румыния және Украинамен қарым-қатынасында Молдова Түркияны демеуші одақтас деп қарауына болады. Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс аймағындағы болмысын бекемдеген Түркия Шығыс Еуропада өзіне жақын одақтастар табу жолымен аймақтағы басымдылығын арттырады. 200 мыңға жеткен Гагауыз түріктері - Түркияның Молдовада белсенді болуындағы басты себебі.

Желтоқсан айында Гагауыз елі автономиялық аймағы 25 жылдығын атап өтті. Гагауыздарға автономиялық мәртебе беруде  кезіндегі президент Сүлейман Демирелдің еңбегі зор. Гагауыздар мен молдовалықтар Сүлейман Демирелге  және 1990 жылдардағы дағдарыстың диалогпен шешілуіне риза.

Түркияның Гагаузиядағы ең ықпалды ұйымы ТИКА-ның Молдовадағы жалпы жобалары 400-ден асты. Президент Додонның Анкарада «ТИКА-ның бүкіл Молдовада әсерлі болуын қалаймыз» деген сөзі Түркиямен тығыз жұмыстануды, Анкараны жақын одақтас ретінде көруді қалаймыз деген мағынаға келеді. Осы тұрғыдан алғанда Түркияның Молдова және Гагаузияға жәрдемдері жалғасады. Медицина саласында жылына 10 гагауыз азаматы Түркияда емделеді. Денсаулық аптасына орай түрік дәрігерлер Гагаузияға барып,  бір апта қызмет көрсетеді. Түркия Денсаулық сақтау министрлігі Гагаузияға қажетті медициналық жабдықтарды жолдап отырады.

Түрік құрылыс кәсіпорындарының Молдовадағы жұмыстары артуда. Олар  Комратта спорт комплексін салып жатыр.

Комратта 2020 жылдың алғашқы жартысында Түркия консулдығы ашылуы жоспарда. ТИКА, Юнус Эмре институты, іскерлер және инвесторлармен Молдовадағы іс-шараларын арттыратын Анкара Шығыс Еуропадағы ұлы жоспарын Молдова арқылы іске асырады.   

2020 жылы Молдовада президенттік сайлау өтеді. Додонның қайталай үміткер болуы ықтимал. Анкараның Кишиневке жәрдемі мен инвестициясы президент үшін маңызды. Саяси кеңестер мен жоғары өрелі диалогтің жалғасуы Молдованың сыртқы саясатында Түркияға ерекше мән беруінің дәлелі.



Ұқсас жаңалықтар