Өзбекстанда сайлау нәтижесі шықты

Ең көп депутатқа қол жеткізген Либерал Демократ партиясы премьер-министр үміткерін белгілеу құқығына ие болды

1335759
Өзбекстанда сайлау нәтижесі шықты

Өзбекстанда 22 желтоқсанда өткен жалпы сайлаудың нақтылы нәтижелері жарияланды.

Өзбекстанда өткен желтоқсанда ұйымдастырылған сайлауда нәтиже шықпаған 25 аймақта  жексенбі күні қайталанған сайлаудан кейін жарияланған нәтижеге қарағанда 150 орынды Заң шығару Мәжілісінде 53 депутатпен бірінші орынды иелеген Либерал Демократ партия премьер-министр үміткерін белгілеп президентке ұсыну құқығына қол жеткізді.

Орталық Сайлау комиссиясының төрағасы Мирзо-Улугбек Абдусаламов баспасөз мәслихатында 22 желтоқсанда нәтиже шықпаған аймақтарда қаталай салау өткенін, бір миллион 978 мың 48 сайлаушының дауыс бергенін айтты.

Қайталанған сайлауда Либерал Демократ партиясының 53, Ұлттық өрлеу партиясының 36,  "Әділет" Әлеуметтік демократ партиясының 24, Халық Демократ партиясының 22 және Өзбекстан Экология партиясының 15 депутат шығарғанын айтты Абдулселамов.

Төраға Абдулселамов:

"Ең көп депутатқа қол жеткізген Либерал Демократ партиясы премьер-министр үміткерін белгілеу құқығына ие болды" деді.



Ұқсас жаңалықтар