Украина президенті Владимир Зеленский Әзірбайжанда

Екі ел арасында кейбір келісімдерге қол қойылған соң ортақ баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды.

1325486
Украина президенті Владимир Зеленский Әзірбайжанда
Zelenskiy-Aliyev.jpg

Әзірбайжанның Мемлекеттік мұнай фирмасы «SOCAR» Украинадағы жұмыстарын кеңейтпек.

Украина президенті Владимир Зеленский ресми байланыстар аясында барған Әзірбайжанның Баку қаласында Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевпен бас қосты.

Екі ел арасында кейбір келісімдерге қол қойылған соң ортақ баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды.

Әлиев украиналық әріптесімен сауда көлемін арттыруға қоса ортақ капиталды инвестициялық жобаларды қолға алғандарын түсіндірді.

Әлиев ұзақ жылдардан бері Украинада қызмет атқарған «SOCAR» фирмасының осы елдегі жұмыс және қызмет алаңдарын кеңейту тақырыбында нақты қадамдар басуға шешім қабылданғанын атап көрсетті.

Әлиев Украинамен ауылшаруашылығы және туризм саласындағы ынтымақтастықты да жетілдіргілері келгенін білдірді.

Зеленский болса Әзірбайжан мен Украинаның қиын кезеңдерінде бірі-бірінен қолдау алғанын, Әзірбайжанның Украина үшін әрқашан сенімді дос және стратегиялық ортақ екенін баса айтты.

Әзірбайжандық фирмаларды Украинаға шақырған Зеленский «SOCAR 10 жылдан бері Украинада өте табысты жұмыстар істеп келеді. Біз де мұнай мен газ өнімдерінің өндірісі мен тасымалдау жұмыстары үшін қолдан келген жәрдемді көрсетудеміз» деді.

Екі ел арасында қатынас және авиациялық тасымалдау саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге шешім қабылдағандарын атап көрсеткен Зеленский Әлиевпен ұшақ өндірісі тақырыбын қолға алғандарын мәлімдеді.

Таулы Қарабах мәселесі мен Украинаның шығысындағы қақтығыстар тақырыптарында ақпарат бөліскендерін мәлімдеген Зеленский екі елдің бірі-біріне екі елдің шекара тұтастығы мен егемендігін қамтамасыз ету тақырыптарына қолдау бергенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар