Бішкекте қысқа метражды фильм фестивалі

Фестивальде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер,  Балтық елдері және Грузиядан 14 фильм көрсетілді.

1324041
Бішкекте қысқа метражды фильм фестивалі

Қырғызстанда өткен 9-шы Халықаралық қысқа метражды фильм фестивалінде лауреаттар марапатталды.

Бішкектегі Манас кинотеатрында болған фестивальді Қырғызстан Мәдениет, информация және туризм министрлігі мен Қырғызстан Кинематорграфтар одағы ұйымдастырды.  12-15 желтоқсан күндері аралығында өткен фестивальде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер,  Балтық елдері және Грузиядан 14 фильм көрсетілді.

Халықаралық байқауда Адриана Розенің «Команда және мен» атты фильмі Үздік қысқа метражлы фильм сыйлығын алды.

Украинадан Марина Рошина Үздік көрініс режиссері және Ресейден Максим Капияның фильмі Қазылар алқасының арнайы сыйлығына ие болды.

Байқауда жеңімпаз атанған жас режиссерлерге 750 доллардан сыйақы берілді.

Продюссер Фархад Бекманбетов «Келесі оныншы фестивальде бүгінге дейін ұйымдастырылған фестивальге қатысқан 300-ге жуық режиссерді қонақ қыламыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар