Түркиядағы қазақ студенттер бас қосты

Сакария қаласында тәуелсіздіктің 28 жылдығы атап өтілді.

Түркиядағы қазақ студенттер бас қосты

Сакарияда Түркияда білім алатын қазақстандық студенттердің бірінші бас қосу болды.
Сакариядағы студенттердің  бастамасымен ұйымдастырылған кездесу Түркияда білім алатын қазақ студенттер арасында бірінші рет өтті.
Қазақстанның Түркиядағы өкілетті елшілігінің колдауымен, Сакария қаласының акиматы және муниципалитет басшылығының қолдауымен Түркияның Сакария қаласында болған  кездесу жоғары деңгейде өтті.
Кездесуге Түркияның  32   қаласынан түрік жоғары оқу орындарында білім алатын 250 студент келді. Олармен кездесуге Қазақстанның Түркиядағы өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы, Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар  басқармасының төрағасының орынбасары Саит Юсуф катысты.

Отаннан алыста жүрген қазақ студенттер студенттік жағдайларын баяндап, кездескен қиыншылықтарымен бөлісті. Лауазым иелеріне көкейіндегі сұрақтарын қойып, проблемаларын шешуге тырысты. 

Олар әрі өз мәселелерін тілге тиек етіп,  өздері секілді Қазақстаннан келіп Түркияда білім алып жатқан қандастарымен етене танысу,  тіл табысу мүмкіндігіне ие болды. 
Саракиядағы Қазақстандық студенттер қауымдастығына мүше студенттердің үлкен еңбегімен ұйымдастырылған кездесудің келісі сатысы да Қазақстаннан келген өнер қайраткерлерінің керемет концерті болатын. Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің "Шабыт" оркестрі мен "Көркем" балалар би ансамблінің өнері әрі елден жырақта жүрген тәлімгерлердің елге деген сағыныш мауқын басып,  әрі түрік ағайындар мен университеттегі шетелдік студенттердің көңілінен шықты. Барша көрермен қазақ өнер қайраткерлерінің өнеріне түрегеліп тұрып қошамет көрсетті. 
Үш күнге созылған мерекелік шараның сөз кезегінде Сакариядағы қазақстандық студенттер қауымдастығының басшысы Ерасыл Бексұлтанов ұлы ақын Мағжанның "Мен жастарға сенемін" атты өлеңін оқып берді.

Қазақстанның тәуелсіздігінің 28 жылдығына орай ұйымдастырылған  концерттің беташар сөзінде Қазақстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Абзал Сапарбекұлы "Қазақстанның тәуелсіздігі мәңгі болсын. Тәуелсіздіктің баянды болуы үшін  жастардың аянбай жұмыстануы қажет" деді. 
Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасыны төрағасының орынбасары Саит Юсуф Түркияның әлемдегі 160 елдің 17500 студентіне білім беріп отырғанын айтты. 

 



Ұқсас жаңалықтар