Қазақстанда Сенат Түркиямен қол қойылған әскери ынтымақтастық келісімін мақұлдады

Аталмыш келісім елдер арасында әскери ынтымақтастық тақырыптарын қамтиды.

1318041
Қазақстанда Сенат Түркиямен қол қойылған әскери ынтымақтастық келісімін мақұлдады

Қазақстанда Сенат Түркиямен қол қойылған әскери ынтымақтастық келісімін мақұлдады.  

Сенатта Қорғаныс министрлігі лауазым иелерінің қатысуымен өткен отырыста Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери ынтымақтастық келісімі қолға алынды.  Дауысқа салудан кейін келісім бекіту үшін президентке жолданды.

Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев келісімге өткен жылы қыркүйек айында Анкарада қол қойылғанын, мақсатының екі ел арасында теңдік және өзара мүдде принциптеріне сүйеніп, ұзын мерзімді әскери ынтымақтастықты жетілдіру екенін айтты.

Аталмыш келісім Қазақстан мен Түркия арасында әскери ынтымақтастық,  әскери дайындық және білім беру,  бірлескен жаттығулар өткізу,  қорғаныс өнеркәсібі,  бейбіт мақсатты операциялар, әскери, ғылыми және техникалық зерттеулердің жүргізілуі секілді тақырыптарды қамтиды.



Ұқсас жаңалықтар